Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Достық үйінде

23-04-2018

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Достық үйінде

2018 жылдың 23 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сүлейменова Ұлбосын Аждарқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жоғарғы сот арасындағы меморандумға сәйкес 2018 жылдың 14 наурызы күні  Достық үйінің қабырғасында ашылған «Дауларды сотқа дейін реттеу және татуластыру рәсімін жасау орталығының» жұмыс барысымен танысты.

Кездесу барысында Ұлбосын Аждарқызы Өскемен қаласының кәсіби және кәсіби емес медиаторларымен кездесіп, тұрғындарды қабылдау барысымен танысты.

Өз кезегінде ШҚО сотының азаматтық  істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдіғалиев Дамир Әбдіғалиұлы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубековке «Дауларды сотқа дейін реттеу және татуластыру рәсімін жасау орталығын» ашуға кабинет бөліп, медиация саласын дамытуда үлесін қосқаны үшін алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта Достық үйінде медиация кабинеті белсенді жұмыс атқаруда. Бұл кабинетте бекітілген кесте бойынша, кәсіби медиаторлар және отставкадағы судьялар қала тұрғындарын қабылдайды. Азаматтардың өтініштерін тіркеу бойынша журнал жүргізіледі. Соңғы ақпараттарға сүйенсек 2017 жыл көлемінде 308 шағым осы журналға тіркелген.

Аталмыш пилоттық жоба бойынша орталық алдағы уақытта қала тұрғындарының даулы мәселелерін сотқа дейін тиімді жолмен шешуде барынша қолайлы. Яғни барлық азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер облыстық және қалалық сотының қабырғасында ғана емес, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында кәсіби медиаторлары және судьялармен  қаралуда.