«Ұлт – бірлігі мемлекеттік тілде»

13-09-2018

«Ұлт – бірлігі мемлекеттік тілде»

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ұлт – бірлігі мемлекеттік тілде» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға ШҚО ҚХА ғылыми - сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Рухани жаңғыру» және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлары мен аға оқытушылары және жалынды студент жастар қатысты. Қазақстан қоғамы үшін үш тілділіктің маңыздылығы мен кем-кетіктерін отырыс барысында талқылады. Сонымен қатар «Қазақстанда толерантты сана мен мультимәдениеттілікті қалыптастыру және дамыту ерекшеліктері» және «Тіл мәдениет өзегі» сынды тақырыптармен қамтылды. Отырыс соңында, профессорлармен тіл мамандарына студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, өз кезегінде мамандар да тұшмды жауаптар берді.