20-02-2023
Шығыс Қазақстан облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесі Төрағасының орынбасары Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы Алтай қаласына жұмыс сапарымен барып, қалалық Достық үйіндегі әріптестеріне «Письма в никуда» атты кітабын таныстырды.
Алдияр Ақылбекұлы мұрағатшы әрі тарихшы болғандықтан, кітап жазуға материал жинауда үлкен еңбек сіңірді.
Әңгіме мұрағаттық зерттеулерге және 1941-1945 жылдары Шығыс Қазақстан облысына жер аударылған неміс отбасыларының өкілдерінің жеке әңгімелеріне негізделген.
«Бұл кітапта мен тағдырдың жазуымен Қазақстан территориясына келген неміс ұлтының өкілдерімен кездесулерді ұсынуға қуаныштымын... Олар депортацияланған ата-аналардың қиын тағдыры туралы әңгімелейді», - деп атап өтті автор.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы 89 500-ден астам адамды қабылдады, оның 60 пайызға жуығы немістер.
Әріптестер өз кезегінде тарихи оқиғаларды қамтудың маңыздылығын атап өтіп, бұл еңбектің замандас үшін де, ұрпақ үшін де маңызы зор екенін айтты.