11-01-2022
Ахметкалиева Назигуль Маташевна Член Совета матерей АНК ВКО, директор ОО Центра развития и адаптации «Феникс»
Еліміздегі орын алған жағдай ешкімді де бей жай қалдырған жоқ. Елім деп соққан жүрегі бар әрбір жан уайымға салынып, әбігерге түсті. Халық қауіпсіздігі, ел тыныштығы басты назарға алынды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі бейбітшілікті сақтау мақсатында жолдаған үндеуін қолдаймын! Халықтың бейбіт өмірі мен мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін қабылданған тиісті шаралар оң шешімән беруде.
Мыңдаған жылдар бойы бабалар аңсаған тәуелсіздікті қорғап, тұтастығымызды сақтап, азаматтық позициямызды көрсетейік.
Ең бастысы жұртымыздың тыныштығы, мемлекетіміздің мызғымастығы. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай, ағайын!!!