Халықаралық әйелдер күні

14-08-2014

Халықаралық әйелдер күні

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні облыстық Достық үйінде Халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Мерекеге этномәдени бірлестіктердің нәзік жандары шақырылды. Мерекелік шарада Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е. Аязбаев аяулы жандарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков мерекелік шараға келген барша қауымды құттықтап, мерекенің құрметіне арнап қоғамдық жұмыста белсенділікпен көзге түсіп жүрген этномәдени бірлестіктердің әйелдерін алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады. Сонымен бірге облыстық мәдениет басқармасы мерекеде этномәдени бірлестіктердің «Русская песня», «Майглекхен», «Ладушки», Кохання», «Улыбка», «Зоар», «Вдохновение», «Сарман», «Вайнах», «Арарат», «Азери», «Мечта», «Ақниет» шығармашылық ұжымдарына алғыс хат тапсырды. Мерекелік шараның екінші бөлімінде Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің ерлер қауымы әйелдерге арнап мерекелік концерт берді. Концерттік бағдарламаны «Атамұра» фольклорлық ансамблі ашты. Мереке барысында әйел тақырыбына арналған әсем әндер шырқалып, әдемі билер орындалды. Қазақстан халқының татар, әзірбайжан, шешен билері мерекені қыздыра түсті. Славян қоғамының төрағасы А. Яковлевтің орындауында «Ой, да ты Тайга», А. Костюктің орындауында «Купалушка», Ч. Казакевичтің орындауындағы «За глаза твои карие» әндерін әйелдер қауымы аса қошаметпен қабылдады. Этномәдени бірлестіктердің жас өнерпаздары Б. Мәукеновтің, С. Божконың, Ә. Тілеубековтің, А. Гейцманның орындауында «Поклонимся родителям», «Оглянись», «Сенің анаң алтын», «От тебя схожу с ума» әндері шырқалды. Облыстық Достық үйі