Ағымдағы жылы 16 наурыз күні «Мұсылман әйелдері» ҚБ «Ақниет ансамблі» Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламамен №38 мектеп гимназиясына барып қайтты.
Достық фестивалі наурыз айында көктемгі мереке достықты, бірлікті, жақсылықты бейнелейтін Наурыз мейрамына қарсы өткізіледі.2007 жылы 5 мамыр күні №38 гимназияда «Алтын бесік»ШҚ Қазақстан халқы балалар Ассамблеясы ашылып, жарғысы қабылданып, басты міндеті ұлтаралық келісімді нығайту болып табылды.Шара барысында Облыстық Достық үйінің «Ақниет» ансамблінің мүшелері Наурызға арналған өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Әжелер балаларға қазақ халқының «Балаға азан шақырып, ат қою» дәстүрін көрсетті. Балалар Облыстық Достық үйінен келген қонақтарды көңіл қойып, қызығып тыңдады. Шара соңында №38 мектеп гимназиясының директоры қонақтарды, оқушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, «Ақниет» ансамбліне тамаша әндермен, көктемгі көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысын білдірді. Шараға 100 бала қатысты.
Облыстық Достық үйі

