2013 жылы 30 сәуірде Солжағалау кешеніндегі этноауылда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың қуаты бірлікте» өңірлік фестивалі өтті.Республикалық жүйелік кестесмен сәйкес осы күні «Халықтың қуаты бірлікте» фестивалі өтті.
Фестивальдың мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салтын дәріптеу және түлету, ұлттық мәдениетті насихаттау, дамыту және сақтау болды. Фестиваль «Нұр Отан» пртиясының қамқорлығымен өтті, бұл бағдарламада «Нұр Отан» партиясының төрағасы бірінші орынбасары Б. Байбекпен кездесу болды. Фестивальдің идеялық мазмұнының арқауы Қазақстан халқының әрі қарай дамуы мен қоғамдық өмірде этникалық топтардың жетістігін насихаттау, этностардың фольклорлық шеруі, мәдениеттердің өзара арласуы, Қазақстан халқының бірлестіру мен достастық шеруі болып табылды. Тамаша ұлттық костюмдер киген Облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері өкілдері қонақтарды өз үйлерінің алдында ұлттық тағамдарымен қарсы алды, сонымен бірге қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың қатысуымен Б. Байбек этномәдени бірлестігінің жастарымен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен әңгімелесті. . Әрі қарай фестиваль Облыстық Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекелік шараға 500 адам және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық Достық үйі

