18-11-2024
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Кәріс этномәдени бірлестігі ұйымдастырған Хангыль-Наль мерекесі аталып өтті. Бұл мереке корей халқының төл жазуы – хангыль әліпбиінің құрметіне арналған күн болып табылады.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жас буын және қала тұрғындары қатысты. Бағдарлама барысында қатысушылар корей әліпбиінің тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, ұлттық әндер шырқалып, дәстүрлі билер орындалды.
«Хангыль-Наль мерекесі – Кәріс этносының мәдени мұрасын құрметтеудің жарқын үлгісі және халықтар арасындағы достық пен келісімнің белгісі ретінде есте қалды, мерекелік кеш өз деңгейінде өтті», - деп атап өтті көрермен.