10-12-2018
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсаны күні Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығында еврей этномәдени бірлестік мүшелері Еврей халқының жыл сайын тойланатын «Ханука» тарихи мерекесін атап өтті. Жалпы «Ханука» – еврей халқының тарихи мерекесі, бұл күні дәстүр бойынша балауыз шамдар жағылады.Ол - азаттық, бостандық, жарықтың қараңғыны, ізгіліктің зұлымдықты жеңуі мақсатында тойланатын мереке. Бұл мерекенің тарихы екі мың жылдан арғы уақыттан бастау алады. Аңыз бойынша грек әміршісі Антиох Эпифан Иерусалимдегі қасиетті храмды тонайды, еврейдің барлық әдет-ғұрпына тыйым салып, пұтқа табынуды енгізеді. Бұған шыдамаған еврей халқы көтеріліске шығып, грек басқыншыларын қуып шығып, қасиетті храмды қайта қалпына келтіреді. Ұлы жеңістің құрметі ретінде «Ханука» деп аталатын мейрам пайда болады.