Рухани әндер шырқалады...

06-11-2020

Рухани әндер шырқалады...

Егер сіз славян фольклорын білгіңіз келіп, жаңа мәдени таным қалыптастырушы, немесе жай ғана рухани халық әндерінің жанкүйері болсаңыз, онда "Беловодье" фестивалі сізге өте қажет!
 
Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығында, онлайн форматта орыс фольклорының XVIII халықаралық дәстүрлі фестивалі өтті. Іс-шара аясында Қазақстанның түрлі аудандары мен қалаларынан көптеген адамдарының басы қосылды. Бұл орыс әнін жақсы көретін және бағалайтын адамдар ғана емес, сонымен қатар оны славян этносының бай мұрасы ретінде танытып жүрген жандар.
 
Бұл мәдени оқиға, атап айтқанда, дәстүрлі фестиваль 2020 жылы өткізілуінің өзіндік бір мәні бар - ол көптеген атаулы күндердің көп болуы: мысалға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығы, Қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы және Ұлы Жеңістің 75-жылдығы.
 
Фестивальдің салтанатты ашылуы РФ Бас консулдығының Өскемен қаласындағы Вице-консулы Николай Михайлович Тищенконың алғы сөзімен басталды.
 
"Фестивальдің жыл сайын өтетіні қуантады, қатысушылар 18-ші рет жарқын өнер көрсету үшін жиналды. Бүгінгі таңда мәдениет ұғымы өзінің жалпы адамзаттық зор әлеуетінің арқасында әртүрлі ұлт, тіл, дін өкілдерінің арасындағы шекараны бұзып, өзара түсіністік пен бірлік кеңістігіне айнала алды", - деп түйіндеді ол.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты - славян мәдениетін насихаттау және ол туралы ақпаратты, соның ішінде шығармашылық форматында тарату болып табылады.
 
Биыл фестивальге 20 вокалдық ұжым қатысты, олардың ішінде жас дарындар да өз өнерлерін көрсетті. Әр ұжым өз өнерлерінде Славян ұлтының Отанға, еркіндікке деген махаббатын, пейілдерінің кеңдігін әнмен жеткізе білді.
 
Осы жылы, қарапайым, бірақ сонымен бірге атмосфералық және шынайы кездесуден алған әсерлер көрермендердің жадында ұзақ уақыт сақталады деп үміттенеміз.