І Республикалық Достық үйлерінің конгресі

14-08-2014

І Республикалық Достық үйлерінің конгресі

Ағымдағы жылдың 12-13 тамыз күндері, Сол жағалау кешеніндегі этноауылда Облыстық Достық үйінің ұйымдастыруымен бірінші Республикалық Достық үйлері конгресі өтті. Конгрес ашылу салтанатына Республикамыздың 7 облысынан өкілдер қатысты. Республикалық көлемде өтіп жатқан осындай ауқымды шараны облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашты. Бұдан кейін облыс әкімі орынбасары Елбасының жолдауларындағы тапсырмаларын қолдап, оны жүзеге асырып жүрген, осы конгрестің өтуіне қаржылай көмек көрсеткен қаламыздың бизнес-құрылым өкілдерін, атап айтсақ: «Казгипроцветмет» ЖШС, «Азия Авто» акционерлік қоғамы, «Востокмашзавод» және «Өскемен конденсаторлық зауытының» жетекшілерін алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырды. Осыдан кейін шара конгреске қатысушылардың құрметіне арналған этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының концертімен жалғасты.Сонымен бірге делегация өкілдері этноауылды аралапкөріп өз таңданыстарын жасырмады.Конгресс аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалардың орталықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл отырыстың нәтижесінде қарар қабылданды. Дөңгелек үстелді ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХА хатшылығы бөлімінің меңгерушісі Назипа Шанаи, Шығыс Қазақстан облысының Облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков, ШҚО ҚХА хатшысының меңгерушісі Еркімбек Аязбаев, сонымен қатар Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының Достық үйлерінің директорлары мен делегацияның өкілдері, облысымыздағы Достық үйлерінің жетекшілері мен қызметкерлері, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері де қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстан этностарын біріктіретін және мәдениет мекемесі ретінде Достық үйлерін дамыту жайлы өзекті мәселелер талқыланып, олардың қызметін жүзеге асыру бойынша конгресске қатысушылардың ұсыныстары қарастырылды. Отырыс соңында Омар Мұкашұлы этносаралық келісім институтының нығайту мен сақтау ісінде осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап, дөңгелек үстел жұмысына қатысқандарға алғысын білдірді. Облыстық Достық үйі