04-12-2018
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсаны күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «На Николу зимнего» ІІ казак мәдениетінің фестивалі өтті.
Фестивальді славян мәдениеті қоғамы мен казактар қауымдастығы «Иртышский форпост» және облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырды.
Концертте казак әні ансамблі «Сполох» (Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі), «Товарки», «Русская песня», «Барвинок», «Поречье» (Павлодар қ.), «Истоки», «Весняночка», «Ладушки», «Братцы», «Вдохновение», «Казаки Прииртышья» (Семей қ.), «Свиточ» ансамбілдері, «Арабеск», «Хай-тек» хореографиялық ансамбілдері және казак частушкаларын орындаған жас әртіс Бочаров Георгий өнер көрсетті.
Фестивальде казактардың «Постриг» және «Проводы на службу» салт-дәстүрлерінің көрінісін көрсетті.
Айта кетейік, бір жыл бұрын фестиваль «На Николу зимнего» атты жаңа атау алды. Бұл күндері сібір казактары өздерінің әскери мерекелерін атап өтеді.