III Халықаралық қолөнер сайысы

14-08-2014

III Халықаралық қолөнер сайысы

Семейдегі орталық саябақта қыркүйектің 30-ы күні ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан халықтарының дәстүрлі қолөнер шеберлерінің ІІІ аймақтық (халықаралық) көрме - сайысының жәрмеңкесі болып өтті. Ұйымдастырушы – Семей қалалық Достық үйіндегі «Айша Бибі» қазақ мәдени орталығының төрайымы Боқпасарова А.И. Көрме - сайыс жәрмеңкеге Қазақстанның барлық қалаларынан қол өнер шеберлері қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан халықтарының дәстүрлі халық өнерін жаңғырту, дамыту; Халық өнерінің жаңа инновациялық бағыттағы дарынды, өзіндік ерекше шеберлерін тауып, қолдау көрсету; Халықтық өнерді жас ұрпаққа насихаттау; Қолөнер шеберлерінің өзара шығармашылық байланысын қалыптастырып, халықтық кәсіпті тарату және өнімнің өтімдік аясын кеңейту.