23-09-2024
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында қалалық және аудандық Достық үйлерімен имидждік іс-шара өтті.
Семинарды Достық үйі басшысының орынбасары Юнусов Равиль Александрович алғы сөзімен ашты. Бұл семинар этносаралық қатынастарды реттеудегі тәсілдерді жетілдіру және қоғамдық құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.
Семинарға қатысушылар сындарлы диалог, қоғамдық бірлестіктер қызметінің бүгінгі өзекті бағыттары талқыланып, ортақ пікір білдірді.
Іс-шара барысында Достық үйінің SMM маманы Сарсеков Берік «Жасанды интеллект: әлеуметтік желілердегі мүмкіндіктердің жаңа көкжиектері» атты презентацияны таныстырды. Сонымен қатар, экономист Жанельева Камшат мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша сөз қозғады.
Семинарға қалалық және аудандық Достық үйлерінің басшылары мен қоғамдық келісім орталықтарының жетекшілері және әдіскерлер қатысты. Шара соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.
«Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Көптеген маңызды инсайттар алдық, әсіресе әлеуметтік желілерде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жайлы жаңа білімдер жинақтадық. Бұл тек теориялық мәліметтермен шектелмей, болашақта оны тәжірибеде іске асыруға нақты қадамдар жасаймыз деген сенімдемін. Әрбір айтылған идеяны іске асыру – біздің кәсіби дамуымызға үлкен серпін береді деп ойлаймын», - деп өз ойымен бөлісті семинар қатысушысы.