Мемлекеттік қызметтің қыр-сырын түсіндірді

06-12-2021

Мемлекеттік қызметтің қыр-сырын түсіндірді

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаевпен кездесу өтті. Еркін форматта өрбіген жүздесуге жастар қатысты.

Кездесу аясында жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінде оқу, мемлекеттік қызметке орналасу, байқаудан қалай өту туралы жан-жақты, ақпарат берілді. Департамент өкілдері студенттер мен барлық қызығушылық танытқан адамдарды жас мемлекеттік қызметкерлер мектебіне шақырды. 

Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев  мемлекеттік қызметке орналасудың қолжетімдігі мен ашықтығын атап өтті.