Жанжалдың өзгеру құралы

04-11-2021

Жанжалдың өзгеру құралы

«Медиация» – көптеген адамдар үшін өкінішке орай түсініксіз сөз. Медиация — тараптардың дауды өзара келісіп шешетін шара, қатысушылардың мүдделерін түсіну және қайта қарастыру арқылы өзара тиімді шешімді бірлесіп әзірлеу құралы.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында палаталар, медиация орталықтары және жоғары, орта оқу орындарымен бірлесіп, жастар арасында «Медиацияны қолдану процедураларын» білуге арналған конкурс өткізілді.

Байқау 4 кезеңге созылды. Бірінші кезең командалардың логотипі мен ұранының презентациялау болды. Екінші кезең тест форматында өтті, тест сұрақтары «Медиация», «Дауларды шешудің балама тәсілдері», «Қақтығыстар», «Билер соттары», «Медиация Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлігі ретінде» тақырыптарына қатысты болды. Сондай-ақ, қатысушылар үшін белгілі бір жанжалды жағдаяттар ұсынылды, командаларға берілген тапсырма сол дауды жағдайдан шығу жолын табу.

3 команда қатысушылары ойынға белсене қатыстып, әркім өзінің зияткерлік әлеуетін көрсетті. Ойын жоғары дәрежеде өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 168 балл нәтижесімен 1-ші орынды «Болашақ» командасы, 2-ші орынды «Спасатели» командасы, 3 – ші орынды «Ана тілі» командасы иеленді.

Байқау соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.