«ЭтноКвиз» зияткерлік жастар турнирі

08-06-2021

«ЭтноКвиз» зияткерлік жастар турнирі

«ЭтноКвиз» зияткерлік жастар турнирі Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында өтті.

Жастар турнирінде 1 орын үшін 3 команда бақ сынасты: «Еркін сөз», «Eastbound» және «Жерұйық». Этноквиз бағдарламасының қызықты болғаны соншалық, балалар барлық тапсырмаларды үлкен ынтамен орындады.

Этноквиз төрт кезеңнен тұрды: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар, логикалық және ойын түріндегі тапсырмалар болды. Іс-шараның ерекшелігі - Достық үйінің террасасында өтті және ұялы телефондар қолданылған жоқ.

«Мен Достық үйіне этноквизді ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көптеген жаңа мәліметтерді білдім, жағымды эмоциялар алдым» - деп қатысушы Асанова Альбина өз ойымен бөлісті.

- Маған іс-шара өте ұнады, біз тек ақыл-ой қабілетімізді тексеріп қана қоймай, қаламыздың керемет кешкі көрінісін тамашалай алдық», - деп атап өтті қатысушы Александр Гришенков.

Турнир барысында әр ойын үстелінде түрлі сұрақтар талқыланды.

«Бұл іс-шара жастардың этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, балаларды бір командаға біріктіру мақсатында өткізілді, бұл бірлесіп шешім шығаруға және қабылдауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді қазылар алқасының мүшесі Күлзира Нұржан.

Алға «Еркін сөз» командасы суырылып шығып, өзінің үздік командалық қасиеттерін дәлелдеді. Екінші орынды «Eastbound», ал үшінші орынды «Жерұйық» командасы иеленді. Іс-шара соңында қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.