Би өнері

22-10-2021

Би өнері

2021 жылдың 17 қазанында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Арабеск» балалар-жасөспірімдер би ансамблінің есеп беру концерті өтті. 

Жыл сайын өткізілетін есеп беру кеші қатысушылардың өзіндік жетістіктерінің қорытындыларды шығару көрсеткіші болып табылады. Балаларды қолдап, көруге ата-аналар мен басқа да өнер топтарының қатысушылары келді.

Концерт барысында түрлі ұлттардың билері сахнада көрсетіліп, әртістер көрерменнің зор ықыласына бөленді. Әлемдегі халықтар достығының жарқын үлгісі Достық үйінің сахнасында тағы да салтанат құрды. 

Кеш барысында би ансамблінің мықты дайындығы, ұйымдастырушылардың биік талғамы мен үлкен ізденістері ерекше байқалды. Қазіргі кезде топ құрамында 100-ге жуық қатысушылан өнер көрсетеді. Бұл таланнты жастардан құралған би тобы халықаралық үлкен додаларда өнерлерін паш етіп, биік белестерді бағындырып, облыстың, қаланың көптеген мәдени шараларында өнер көрсетіп жүр.

Өнер кешінің соңында ансамбль жетекшісі Анна Сергеевна талантты бишілерге шығармашылық шабыт тілеп, жүрекжарды игі тілектерін арнады.