«Вайнах» бишілерінің өнері

24-11-2021

«Вайнах» бишілерінің өнері

Әр өнердің өзіндік ерекшелігі бар. Би өнері – тілсіз өнер. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білуі басты шарт. Тарихқа көз жүгіртсек, би өнерінің ертеде пайда болғанын білеміз. Қазіргі таңда кәсіби өнерде би өнері жүйеленіп, жоғары деңгейге көтерілді.

Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Вайнах» хореографиялық ансамблінің ұйымдастыруымен шешендер мен ингуштардың көп қырлы мәдениетінің ерекшеліктерін паш етер «Вайнахтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты концерт өткізілді.

Концерттік бағдарлама өзінің әр алуандылығымен ерекшеленді. Шара шымылдығын «Вайнах» шешен – ингуш ансамблінің бишілері ашты, бұдан соң «Арабеск», «Непоседы», «Еркетай» хореографиялық ансамблдерінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Көрермендер Сюзанна Угрюмованың орындауында «Черкесский знак», «Алтын бесік», «Наш Кавказ» әндерін тыңдап, ерекше әсерге бөленді.

Кеш барысында жүргізушілер концертке жиналған көрермен қауымды шешен-ингуш халықтарының салт- дәстүрлерімен таныстырды.

Мерекелік концерт вайнах халқының ловзар атты салтымен жалғасты. Аталған салт жігіттердің батылдығы мен ерік- жігерін паш етсе, қыздардың әсемдігі мен нәзіктілігін көрсете білді.