06-07-2018
6 шілде күні Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшавттық мұражай қорығы (Сол жағалаудағы Этносаябақта) Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының және словян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Иван Купала» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
«Иван Купала» Шығыс және Батыс славяндарының мерекесі деп саналады. Бұл мерекені ескі дәстүр бойынша барлық Еуропа елдері мен Ресейде атап өтеді. Бұл жазғы түн сиқырлы қасиеттерге толы, ең «қуатты» түн болып саналады. От, су және шөп осы түннің басты күштері болып саналады. Мереке салт-дәстүрлік ойындармен, той көріністерімен өткізілді.
Су перісі, жалмауыз кемпір, қыздардың қараңғы түсе суға бастарындағы гүл шоқтарын жіберіп өздерінің болашақ жарларының қай жақтан болады деп болжауы, оттан секіру сияқты ойын сауықтар өте әсерлі шығып, қонақтарға ұнады.