14-04-2018
2018 жылдың 14 сәуірі күні Досытқ үйі – қоғамдық келісім орталығының «Прялица» фольклорлық ансамблінің жылдық есеп концерті өтті.
Шара барысында «Прялица» фольклерлық ансамбль мүшелері әртүрлі билер билеп, ән шырқап көрермендердің көңілін көтерді. Солардың ішінде ең қиын «Шла утка за углом» биі болды.
Сонымен қатар мереке барысында «Прялица» фольклорлық ансамбліне битбоксер қосылып «Как на поле…», «Молодая канарейка…» әндерін және «Усть-Цильма» биін орындады.