Мемлекеттік тілді меңгеру қазақ халқының дәстүрлер әлеміне жол ашады

19-12-2024

Мемлекеттік тілді меңгеру қазақ халқының дәстүрлер әлеміне жол ашады

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Кел, сөйлесейік» атты сөйлеу клубы аясында қазақ тілін тегін үйрету курстары өткізіліп келеді. Биылғы жылы оқытушы Шабданбекова Анжелика 100-ден астам сабақ өткізіп, бұл сабақтарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары және барлық ниет білдірушілер үлкен қызығушылықпен қатысуда.

Сабақтарда тек мемлекеттік тілді ғана емес, қазақ халқының мәдени мұрасы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары да үйретіледі.

Курстың мақсаты – өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде еркін сөйлей алуға үйрету.

Бұл мақсат сәтті орындалып келеді. Қатысушылар материалды тез әрі оңай меңгеріп, жоғары нәтижелер көрсетуде.