25-08-2017
Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өңіріміздегі кәсіби медиаторлардың қатысумен қызыметтік кезектен тыс кездесу өтті. Кездесу барысында сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков медиаторларға алда атқаруға тиіс жұмыстар жайында айтып берді. Сонымен қатар медиаторлар өздерінің жұмыс жоспарларымен жеке – жеке таныстырып, кеңінен талқылады. Бұл жолғы қызыметтік кездесудің мақсаты тың идеялармен, ұтымды ұсыныстарды ескере отырып, медиация саласына қатысты атқарылар жұмыс барысын пысықтау болып табылады.