06-09-2022

"Көрегенді саясат куәгерлері"

Жуырда Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының айтқандары өткір және көкейкесті мәселелерге басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, оларды шешудің жаңа жолдарын айқындады.

«Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында» мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен жоолауды талқылау өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Жаңа Қазақстанның» құрылысына әсер ететін бірқатар тақырыптарды айтты: медицина, экономика және білім беру, тағы басқалар.

Біздің ұжым «жас саналарға» әсер ететіні сөзсіз. Жастардың мәдени деңгейін көтеру, өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейту, балалардың бойына түрлі пайдалы дағдыларды қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. «Елбасының білім сапасына үлкен көңіл бөліп, дарынды жастарды қолдау туралы айтуы қуантады. Бұл баршаға арналған мықты ынталандыру», - дейді жиынға қатысушылар.

Елбасшысының көрегенді саясаты табысты мемлекет құрудың тиімді «тетігі» болып табылады, оның қозғаушы күші жастар болады.

Біз өз кезегімізде жастардың «өзін-өзі ашуына» көмектесіп, олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруды жалғастыруымыз керек.

Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа құнды ұсыныстары үшін ризашылығымызды білдіреміз және оның ел дамуы туралы пікірімен толық бөлісеміз.