Қызметкерлерсіз бизнесті қалай ашуға болады?

25-01-2021

Қызметкерлерсіз бизнесті қалай ашуға болады?

Бизнесті қызметкерлер штатынсыз бастау және осы істе табысты болу. Міне осы тақырып табысты кәсіпкер - Михаил Лунев өткізген семинардың басты мәселесі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Луневтың «ABT-GROUP» жылжымайтын мүлік агенттігі және 30-дан астам қызметкері бар тәжірибелі кәсіпкер. Сонымен қатар, Михаил Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Меценаттар Клубының белсенді мүшесі болып табылады.

Ғасыр жетістігі саналатын компютер құралы, әр кәсіпкердің ең басты кәсіп көзі екенін спикеріміз баса айтты. Сондай-ақ, жас кәсіпкер Михаил Лунев семинар қонақтарына А/В тестілеу жайлы түсіндіре кетті, бұл олар үшін жаңа тақырып болды. Өйткені, маркетингтік зерттеудің бұл әдісі сайтты оңтайландыру әдісі болып табылады, ол кәсіп көзін алға жылжыту кезінде қажет.

- Өз білімімен бөлісу және жастарды бизнес саласына тарту - қазіргі таңда менің міндетім деп санаймын. Мен өз ісімді бастағанда, мұндай семинарлар мен тренингтер жеткіліксіз болды, ал қазір оқыту мен өсу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы - табандылық пен еңбекқорлық. Бүгін мен жастарға жаңа идеялар мен пайдалы кеңестер беруге тырыстым, - деді спикер Михаил Лунев.

Шынында да, қазір жастар үшін мүмкіндіктер жеткілікті, және кез-келген адам өз бизнесін мемлекеттің және Михаил сияқты мамандардың қолдауымен бастай алады.

- Жасым әлі 17-де, бірақ менің мақсатым - қоғамға пайдалы болу және әрине, өзімнің жеке кәсібімді ашу. Бүгін мен Михаил Луневтен жаңа білім мен мотивация алдым. Тақырып мен үшін қиын болды, бірақ бұл мені тереңірек ойланып, бизнесті зерттеуге итермеледі. Достық үйіне шақырып, осындай іс-шара ұйымдастырғаны үшін рахмет, - деді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Анель Уатханова.