31-01-2023
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Достық үйінің басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Кеңесте өткен 2022 жылдың қорытындысын шығарып, ағымдағы 2023 жылға арналған жоспарларды жариялады. Отырыс барысында маңызды мәселелер көтеріліп, өзекті тақырыптар талқыланды. Ақсақалдар кеңесін құруға қатысты негізгі мәселелер түсіндірілді, сондай-ақ Кеңестің "өмірі" мен қызметін жариялау үшін бірауыздан Instagram-да аккаунт құру туралы шешім қабылданды.