Қалалық қарттар кеңесі

05-12-2015

Қалалық қарттар кеңесі

 Елбасы Жолдауы қазір жер - жерде қызу қолдау тауып жатыр. Алдыңғы толқын аға буын да, кейінгі толқын жастар да Жолдау бағыттарын жан-жақты талқылауда. Бүгін «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» қазыналы қарттар кеңесі дөңгелек үстел ұйымдастырып, Елбасы жолдауындағы басты мәселелерді ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. - Жыл сайынғы Жолдаулар Қазақстанның осы күнге дейін қарыштап дамуына септігін тигізді. Соның нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге аса бастады. Әлеуметтік мәселелер назарға алынып, көшіміз жүре түзелді. Қазақстан – 2050 стратегиясындағы мақсаттар мен міндеттер – Қазақстан халқына жаңаша жол сілтеп, Мәңгілік ел болуына негіз болмақ, - деді шара барысында сөз алған облыстық қарттар кеңесінің төрағасы Жаңабай Ашимов. Президенттің жыл сайынғы Жолдауының еліміз үшін маңызы зор. Онда алдағы 7 бес жылдықты қамтитын ауқымды жоспар айқындалған. Енді қарттар жыл сайын осы құжатты бағыт-бағдарға ала отырып, кейінгі толқын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелемек.