09-02-2019
9 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.
«Қайырымдылық керуені» акциясы - жыл сайын өтеді. Осылайша, 2018 жылы елімізде шамамен 9 мың түрлі іс-шаралар өткізілді, төрт жүз мың адам екі жарым миллиард теңгеден астам сомаға көмек алды.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы аталмыш акцияны жүзеге асыру мақсатында қаламыздағы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға «Сыбаға» қоржынын табыстады.
Айта кетер болсақ, бір ай бойы облысымызда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған шаралар өз жалғасын табатын болады.