2011 жылдың 30 қыркүйегінде «Қарттар күні» Облыстық Достық үйінің жас өнерпаздары этномәдени бірлестіктердің аға буын өкілдеріне арнап мерекелік концерт берді. Жиналған қауымды Достық үйінің директоры Э.Т. Толеубеков мерекемен құттықтап, қоғамдық жұмыстағы белсенді еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Достық үйінің құрылуына бастамашы болған, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясында меңгерушілік қызмет атқарған Лео Богданович Шикке және Достық үйінде көптеген жылдар қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан Людмила Григорьевна Королеваға гүл шоқтары тапсырылды.
Концерттік бағдарламаға Дюсупова Мадина, Құмарғалиева Жұлдыз, Айдос Жастабанов, Мұхамадиева Мадина, Фридман Вера сынды жас өнерпаздар және «Улыбка» би ансамбілі, музыка мектебінің домбырашылар ансамбілі қатысып өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарламаны №3 мектептің оқушылары қазақ биімен аяқтады.
Концерттен кейін қаттар мерекеге арналып жайылған дастарқан басына шақырылды.