13-08-2018
12 тамыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Кавказ» пати өтті. «Кавказ» патиді Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының шешен-ингуш этномәдени бірлестігігі ұйымдастырды. «Кавказ» патидің мақсаты жастарды би өнеріне тәрбиелеу және бидің қасиетін түсіндіру. Сонымен қатар би кеші арқылы жастардың арасында қарым –қатынас орнату. Биді қыз жігіт болып билейді, бишілер билеген кезде қалған қатысушылар қол соғып қошемет білдіреді. Кеш барысында бишілер шешен халқының билерін билеп, көрермендер алдында өз шеберліктерін көрсетті. Кешті тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары Ловзор кавказдық жастар кештігінің тарихмен таныстып, бишілердің билерін тамашалап қайтты.
- «Вайнах» хареографиялық ансамблі мұндай кешті бұған дейінде ұйымдастырған болатын, қала тұрғындары мен қатысушылар үшін алда тағыда ұйымдастыруды жоспарлаудамыз – дейді «Вайнах» хареографиялық ансамблінің жетекшісі Равил Юнусов.