Қайырымдылық концерті

14-08-2014

Қайырымдылық концерті

2011 жылдың 21 ақпаны күні «Алтын арқау» (директоры Сағынбек Аканов) қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған «Атамұра» ансамблі (көркемдік жетекшісі С. Құрманғалиев, режиссері Т. Ожаров) «Өскемен қаласындағы жалпы типтегі мүгедектер мен қарттарға арналған МӘМ» қарамағындағыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қайтты. Бұл кездесу жалғызбастылар мен қарттарға рухани қуат берді. Тағдырдың тәлкегімен осы үйде тұрып жатқан, еңбек ардагерлерінің көңіл-күйін әсем ән мен тәтті күй бір көтеріп тастады. Концертті көрермендер ризашылықпен тамашалады. «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз бөлігін қолдауда, дұрыс бағыт таңдаған. Бұл бірлестіктің мүшелері өмірде кәсіби тұрғыдан алғанда көптеген жетістіктерге қол жеткізген адамдар, қоғамдық жұмыста осы уақытқа дейін Президентің стратегиялық бағытnы бойынша жұмыстарды насихаттауды жалғастыруда. Жетпіс жасты арқаласа да, салауатты өмір салтын ұстанып, еңбек етіп, еліне қызмет жасап, жастарға лайықты үлгі көрсетуде. «Атамұра» ансамблі мүшелерінің қайырымдылық концерті Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналды. Облыстық Достық үйі