2014 жылдың 18 қазаны күні Облыстық Достық үйінде Жоғары-Ертіс орыс казак қоғамы алғаш «Казачье братство» фестивалін өткізді. Мемлекетіміздің саясатының арқасында әрбір этномәдени, қоғамдық бірлестіктердің мәдениетін, тілін дамытуға үлкен көңіл бөлініп және мәдени іс-шараларын өткізу үшін жағдай жасалып келеді. Аталған шараны өткізудегі мақсат жастарды патриоттық сезімге, елімізде тұратын халықтардың тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік шараға құрметті қонақтар Өскемен қаласындағы Ресей елшілігінің бас консулы, Әулие Покровский шіркеуінің әулие әкейі Алексей және ШҚО Достық үйінің белсенділері мен шығармашылық ұжымдары қатысты.
Шығармашылық ұжымдардың репертуарындағы 1 дүниежүзілік соғыстың 100-жылдығына арналған әндер шырқалды. Сахна төрінде шырқалған әндермен, қоса көрсетілген азамат соғысы кезіндегі бейне кадрлар ешкімді де бей-жай қалдырмады. Сондықтан да еліміздің әрбір адамзаты өткен тарихын ұмытпауы керек.