14-11-2022
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы оныншы мәрте «Бауырлас казак» фестивалі өтті.
Іс-шара Достық үйінің басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының құттықтау сөзімен басталды, ол өз сөзінде біздің көпұлтты және көпконфессиялы Республикамыздағы Достық үйі құрылған күннен бастап атқарып, жалғасын тауып келе жатқанын ұлтаралық келісімді нығайту міндетін орындап келе жатқандығын атап өтті.
Одан әрі іс-шара марапаттау рәсіміне ұласып, оның аясында мемлекеттік этникалық саясатты жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді, достық пен бірлікті нығайтуға үлес қосқан шығысқазақстандықтарға «Достық үйіне 30 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді.
Марапатталғандардың қатарында: Шаронов Виктор Юрьевич – «Жоғарғы Ертіс казактары қауымы» ҚБ төрағасы, Герасимов Олег Васильевич – «Жоғары Ертіс казактары қауымы» ҚБ төрағасының орынбасары, Скрипниченко Виктор Владимирович – «Казак ұлттық» ҚБ төрағасы, мәдени орталығы», Артамонов Владислав Андреевич – «Казак ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі.
Өңірдің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Халық казак әндері орындалып, барлығының сүйікті номері «Дайбымен қапталдау» көрсетілді.