Қазақстан полициясы

23-06-2022

Қазақстан полициясы

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан полициясы құрылған болатын, 23 маусым – Қазақстан полициясының күні ретінде аталып өтіп келе жатқанына 15 жыл толып отыр. Яғни, 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.Осы күні Қазақстанда Полиция күні ретінде бекітілген болатын. Өйткені 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдаған еді.

2022 жылдың 23 маусымында "Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығында" Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының " мерейтойлық концерті өтті. Мерекелік концерттің қатысушылары полиция қызметкерлерінің өздері болды, сондай-ақ бұрынғы қызметкерлер, қазіргі зейнеткерлер шақырылды.

Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта береді.

Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімін білдіру күні.

Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні саналады.

Осыған орай жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицейлер күні атап өтіледі.

Біздің полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, медальдар мен алғыс хаттар табыс етті.