2011 жылдың 18 қыркүйек күні Облыстық Достық үйінің белорус этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мемлекеттік тілді меңгеру бойынша «Қазақ тілі - тұғырым» атты белорус жастары арасында байқау өткізді. Оған 5 адам қатысты.
Жүргізушілер алқашқы сөзді белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы В.П. Магазинщиковке берілді. Байқау 5 тапсырмадан тұрды. Қатысушылар байқау барысында өзі туралы қазақ тілінде әңгімелеп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, сөздерден сөйлем құрастырып, оны орыс тіліне аударып, мақал-мәтелдер айтып, сонымен бірге қазақ тілінде ән айтып, өлеңдер оқыды. Қазылар алқасы байқау қортындысын шығарғанша, көрермен қауым әншілердің құлақ құрышын қандырар әндерін тыңдады. Шараның концерттік бағдарламасына Жампейісова Галина, Кеңесханов Дамир, Әсел Бахтияр, Болатова Гүлжан және Хамитова Гүлзада қатысты.
Сонымен бірге байқауға 1-ші сыныптың оқушылары Мерингер Виктория, Мухина Виктория, Якубджанов Данил қатысып, сыйлықтармен марапатталды. Байқау соңында қазылар алқасы барлық қатысушыларға алғыстарын айтып, орын алған жеңімпаздарды жариялап, бағалы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапаттады. 1-ші орын Воробьева Ирина, 2-ші орын Выходцева Анастисия, 3-ші орын Сабаева Иннаға берілді. Байқауға қатысушылар өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. Мерекеге №20,35,43 мектептің оқушылары келді.



