2015 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығымен қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық үлгісінің жетістіктерін көрсететін қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық үйлесімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді. Аталған күні Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе Металлургтер мәдениет сарайының алаңында «Мәңгілік ел» патриоттық әндер фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және Өскемен қаласының өзге орындаушылары қатысты. «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Ш. Екібасова фестиваль көрермендері мен қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығымен құттықтап, Өскемен қаласының барлық тұрғындарын алдағы президент сайлауына белсенді қатысуға шықарды.
Сонымен қатар татар халқының дәстүрі, мәдениеті және тарихы бойынша «Қазақстанның шығысындағы татарлар» семинары өтті. Семинар Қазақстанның өнер мәдениетіне өз шығармашылықтарымен үлкен үлес қосқан татар халқының атақты ұлдары, шығысқазақстандық-жерлестеріміз Рашит пен Мүслім Абдуллиндерге арналды. Семинарда атақта ағайындылардың шығармашылығы жайында ғана айтылып қойған жоқ сонымен бірге олардың репертуарынан музыкалық шығармалар орындалды. Семинарға келген өнерпаздар ағайынды әртістердің қасиетті әруағына құрмет көрсетіп, қазақ, орыс, татар тілдерінде әндер шырқады.
5 сәуірге жоспарланған іс-шаралар кешені еврей этномәдени бірлестігінің еврей халқының дәстүрлі мерекелерінің бірі «Песах» мерекесін атап өтуімен аяқталды. Аталған мерекенің тарихы маңызды оқиғамен байланысты, ол 33 ғасыр бұрын еврейлердің египет құлдығынан азат болуы. Мерекелік шара барысында көркем фильмнен көрсетілген үзінді көрермендерге құлдықтың қайғылы азабымен, бостандықтың қуанышын жеткізді. Сахнадан сол алыс қалған бүгінде аңызға айналған оқиғалар туралы әдеби шығармалар, әндер орындалды. Ал балалар жағы болса Песах мерекесіндегі дәстүрлі «афикаман» (жасырылған конвертті тап) көңіл көтеру ойынына белсенді қатыстып, сыйлықтарға ие болды.
Көрермен қауымды мерекемен еврей этнмәдени бірлестігінің төрағасы В.В. Лебедев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик құттықтады.
Мерекеге жиналған қауым мерекелік көңіл-күйге бөленіп, еврей халқының мәдениетімен танысып, дәстүрлі «Маца» шелпегінен дәм татты.








