Биылғы жыл Қазақстан үшін ел бірлігін ту еткен Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылы.  Бүгінде өңіріміз достық пен бірлікті насихаттайтын тағылымы мол түрлі мәдени-шаралармен танылып ...">
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған

14-07-2015

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған

Биылғы жыл Қазақстан үшін ел бірлігін ту еткен Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылы.  Бүгінде өңіріміз достық пен бірлікті насихаттайтын тағылымы мол түрлі мәдени-шаралармен танылып келеді. Сондай мәдени шараның бірі  11 шілде күні Солжағалық кешеніндегі этноауылда өткен Зырян ауданы Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концерті. Нақышына келтіріліп, өз бояуымен өрнектелген әр тілде шырқалған ән мен жыр  этноауылды бір әсем күйге бөлегендей болды. Ұлттық айшықтармен өрнектелген костюмдер киген өнерпаздардың өнерін тамашалауға жиналған қауым, құлақ құрышын қандыратын, жүрекке ой салатын әндерді тыңдап, ерекше әсер алды. Жас қыз, жігіттерден құрылған неміс би ансамблі, «Веснушки» қыздар би ансамблі халық билерін өз ырғағымен орындап, көрермен көңілінен шықты. Зыряндықтар өнер арқылы Қазақстан халқының ынтымақтастығын, тілі бөлек болса да, тілегі бір, мақсаты ортақ екендігін тағы бір дәлелдеді.  

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы