Қазақстан халқы Ассамблеясының 15- жылдығына арналған «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» форумы

14-08-2014

Қазақстан халқы Ассамблеясының 15- жылдығына арналған «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» форумы

Ағымдағы жылдың 1 наурызында Облыстық Достық үйінде «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» атты тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-жылдығына арналған форум болып өтті. Ассамблеяның 15-жылдығы «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығымен сәйкес келгендіктен, форум «Нұр Отан» ХДП атсалысуымен өтті. Форумға маслихат хатшысы В.И. Ахаев, ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.П. Воронин, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының орынбасары С.Ж. Әубәкіров қатысты. Сонымен бірге қаладағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, «Жас Отан» партиясының өкілдері қатысты. Мерекелік іс-шараның алдында Достық үйінің фойесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Алғы сөз ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков берілді. Ол Форумға қатысушыларды, 15-жылдықпен құттықтап, Ассамблеяның 15 жылда атқарған жұмысы жайында баяндама жасады. Келесі кезекте баяндама жасаған «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасының орынбасары С.Ж. Әубәкіров партияның құрылу тарихына қысқаша тоқталып өтіп, қатысушыларды мерейтоймен құттықтады. Республикалық украин этномәдени бірлестіктің төрағасы, республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Ф.Л. Клименко баяндама жасады. Осы баяндамалардан кейін, іс-шараны жүргізуші Шемонаиха аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының атқарушы хатшысы Станислав Каримовқа сөз берді. Форумның соңында «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» атты аймақтық форумға қатысушыларға үндеуін шешен этномәдени бірлестігінің жастар қанатының мүшесі Наиля Ганеева оқыды. Форумға қатысушыларға арналып Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен «Үміт» балалар үйінің өнерпаздары концерт берді. Біздің облыстық халықтар Достық үйі – халықтардың достығы мен бейбітшілігіне, ұлтаралық келісім, бүгінгі күні тыныш өмір сүріп, оқып, жұмыс істеуіміз, балаларды өсіруіміз, өз мәдениетіміз бен басқа да этностардың мәдениетін түлетуміз, Қазақстанның әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін қызмет етеді.