Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ауқымды іс-шара
14-08-2014
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ауқымды іс-шара
2011 жылдың 17 қыркүйек күні этноауылда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ауқымды іс-шараға облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері қатысты. Меркеге облыс әкімінің орынбасары Е. Көшербаев қатысты.
Әдемі, айшықты ою-өрнегі түскен ұлттық киім киген әр ұлттың өкілдері өз үйлерінің алдында қала жұртын меркемен өз ана тілдерінде құттықтап, ұлттық тағамдарын ұсынды. Концерттік бағдарламаны тамашалауға көрермен көп жиналды.
Облыс әкімінің орынбасыры көпшілікті мерекемен құттықтап, облыстық Достық үйінің жұмысын атап өтті. Мерекеде этномәдени бірлестіктің қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып жүрген мүшелерін мадақтама қағазымен марапаттады. Концерттік бағдарламада Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ән-билері орындалды.