2015 жылғы 15-16 қазан күндері аралығында Өскемен қаласында «Қазақстан және көршілес мемлекеттердегі этнодемографиялық үрдістер» атты XV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл демография ғылымы мен ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы», содай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы жемісті ынтымақтастықтың куәсі болды.
Конференцияға әртүрлі мемлекеттерден: Ресей, Қытай, Чехия, Польша, Туркия сияқты елдерден ғалымдар қатысты.Осы конференция Қазақстанның әр аймағындағы және шет мемлекет ғалымдарына тілдесуге, пікір алмасуға және ғылыми байланыс орнатуға үлкен мүмкіншілік берді.
ХХI ғасырдағы динамикалық өзгерістер жағдайындағы бұл ғалымдар кездесулері өте маңызды рөл атқарады. Осындай кездесулер кезінде демография ғылымының даму болашағы, демографияның жаңа тенденциялары, деректерді сараптау және талдау әдістерінің зерттеу аймағы кеңейеді.
Қатысушылар Қазақстан Республикасындағы демографиялық ғылымның маңызды мәселелерін атап өтті:
- Қазақстанның, қазақ отбасының ұзақ даму тарихындағы демографиялық өзгерістер болашағында, «ақ таңба» - деп аталатын шешімдер күтілуде (мысалы XVIII ғасырдан біздің күнімізге дейін); XX ғасырдың 20-30 жылдардарындағы аймақтық көлемінде аштықтан халықтың жаппай қырылу деңгейі; Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның тұрғындарының саны; ұзақ дамудағы қазақ диаспорасының тарихы;
- «Тұрғындардың қайта жандану» мәселесі шеңберінде, этникалық және аймақтық көлемінде халықтың туу және өлу динамикасын зерттеудің өзекті мәселелері, сонымен қатар бұл мәселені шешудегі шетел ғалымдарының пікірінің маңыздылығы;
- Тұрғындардың миграция мәселелерін төтенше жариялауда ынтымақтастық елдердің әлеуметтік - экономикалық және әлеуметтік саяси тұрғыдан көрсетілген пікірлері; Кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістік құру мемлекет аралық миграция әдістерін қайта қарауды талап етеді. Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан шекарааралық территорияларына байланысты.
- Сондай – ақ маңызды мәселелердің қатарына Қазақстандағы көші – қон, ауылдар мен қалалардағы тұрғындарлың бейімделу, қазақстандық жастардың әлеуметтік - экономикалық даму, қазақстандық қоғамда оралмандардың көшіп келу сұрақтары жатады.
Жалпылай айтқанда, этнодемографиялық конференцияны өткізу зерттеу қызығушылығын көтерумен қатар, Шығыс - Қазақстан демографиялық мектебін жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты.



