«Қазақстан және көршілес мемлекеттердегі этнодемографиялық үрдістер»  ХV мерейтойлы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

16-10-2015

«Қазақстан және көршілес мемлекеттердегі этнодемографиялық үрдістер» ХV мерейтойлы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 Ағымдағы жылдың 15 қазаны күні «Достық үйі- қоғамдық келісім орталығы» және ШҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының ұйымдастыруымен «Қазақстан және көршілес мемлекеттердегі этнодемографиялық үрдістер» -атты ХV мерейтойлы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастап кетті. Екі күн өтетін бұл конференцияға Польша, Ресей, Жапония, Әзербайжан, Қытай, Түркия, АҚШ, Белорусия мен Қазақстан Республикасының ғалымдары мен жетекші мамандары қатысады. Жиынды Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессоры Л.В.Столярова ашты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Калашникованың құттықтау хатын «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы қатысушыларға жеткізді. Алқалы жиынның жалғасы әрі қарай бөлімдер отырысы форматында жалғасады.