Қазақстандағы татарстандық жастар Казандағы Универсиадада

14-08-2014

Қазақстандағы татарстандық жастар Казандағы Универсиадада

Арманымыз орындалды! Қазақстандағы татарстандық жастардың өкілдері Қазандағы ХХVII Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға шақыру қағазын алды.Біздің еліміздегі татарстандық жастар 5 шілде күні Қазанға ұшып келді. Көшбасшы жастармен бірге біздің отандастарымыз және басқа ұлттың өкілдері де келді. Басқа ұлттың өкілдерінен бес адам болды. Орыстар, беларустар, өзбектер, қырғыздар және армян ұлтынан. Барлық дүниежүзінен Универсиадаға 20 000 үміткер келгендігі кешірек белгілі болды. Барлық елден келген өкілдер Қазан қаласының орталығындағы «Регина» қонақ үйіне жайғасты. Бұл қалада жүріп, Қазан қаласының қаншалықты өзгергенін байқадық. Универсиаданы бүкіл қала болып тосып алды. Оның рухы барлық жерден көрініп тұрды. Бірінші күннен-ақ, тіркеуден кейін Татарстанда болатын Қазақстан Республикасының Бас Өкілдігінің ресми ашылымына шақыру қағазын алдық. Салтанатты ашылым рәсіміне мына адамдар қатысты: Қазақстан мен Ресей арасындағы елші – Ғалым Оразбаков, Татар Республикасының президенті Рустам Минниханов, Қазандағы Қазақстан Республикасының бас консулы – Асхат Нускабай , Қазаннның қалабасы Ильсур Метшин және біз.Ашылу рәсімінде өкілеттің қызметкерлерімен танысып, Татарстан Республикасының өкілетті өкілі және Қазақстандық А.Р. Хасанова болашаққа жоспарлар құрып, талқыға салды.Дәл осы күні өкілеттегі қызметкерлер біздің өтінішімізге құлақ асып, Қазақстанның туын уақытша пайдаланғанға рұқсат берді. Спортшыларымыз жеңіске ұмтылуларына демеу көрсетіп, жанкүйер болдық.Қазан қаласындағы екінші күніміз татар халық Дүниежүзілік конгрес атқарушы комитетінің өкілі Р.З. Закировпен кезігуден басталды. Ринат Зинурович қала қонақтарын өзі қарсы алды. Сонымен қатар татар халық театрының соңғы жаңалықтарымен қысқаша таныстырып, татар халқының жас өкілдеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін өзінің алғысын білдірді. Жиналған қауым Ринат Зинуровичке қалаған сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды. Ринат Зинурович барлық бастаған істерге өзінің қолдауын бідіріп, Универсиядаға қатысушылардың барлығын 2014 жылы Қазан қаласында өтетін «татар халқының VІ халықаралық жастар форумына» шақырды.Шілденің 6 күні кешкісін біз жаңа Казан-Арена стадионында ұйымдастырылған халықаралық ХХVІ Универсиядаға қатыстық. 45 000 адамға отыруға арналып жасалған стадионның үлкендігі бізді таң қалдырды, бірақ үлкендігіне қарамастан адамдарға бос орын болмады. Бұл стадион енді Россияның ең үлкен ғимараттарының бірі болып саналады. Әр қадамымыздан алпамсадай үлкен ойыншық қуыршақтар, әр түрлі киінген адамдар кезікті және де стадионның ортасынан Қазан Универсиядасының бойтұмары ретінде – қар барысы Юни шықты. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Универсияданың ашылу салтанатына да келіп жетті, мұнда стадионның әр орындығынан қатысушыларға арналған қажет жарағымен дайын жолдорба көруге болады. Керек жарағы бар жолдорбаның ішінен қол шам, Универсияданың нышанында жасалған қоңырау және ашылу салтанатының қағаздары болды. Мұның бәрі іс-шара біткен соң өзімізде қалды. Ұсақтүйек болсада, жақсы көрінді. Студенттік ойындардың ашылуын ресми түрде Ресей елінің президенті Владимир Путин татар және орыс тілінде жариялады. Сахнада Ресей және оның халқына және Татарстан қаласының тарихына арналған орасан зор театрлық қойылымдар қойылды. Дәл осы жерде қолдорбаның ішіндегі керек жарақтар қажетімізге жарады. Сонымен қатар ұмытылмастай бұл шоуға стадиондағы әр көрермен тікелей ат салысып қатысып отырды. Салтанатты шеруге қатысып отырған қатысушылар мен көрермендердің белсенділігін айтып жеткізе алмайтындай жағдай болды.Уругвая командасы ортаға шыққанда «Қазан қаласы, біз сені сүйеміз» деп, өздерінің сезімдерін білдірді. Дүниежүзіндегі 163 елден 10 500 спортшылар келді. Кейбір елдерден 1-2 ғана қатысушылар келсе, енді бір елдерден жүзге тарта спортшылар қатынасты.Универсиаданың тарихында мұндай салтанатты ашылу рәсімін алі көрген емеспін. Бірде стадионның дәл өзінде қайықтар жүзіп жүрсе, бірде жер астынан ғимарат үйлер мен ағаштар өсіп шығады. Мейрамның шарықтау шегі – Универсиаданың отын тұтатқан кез болып табылды. Жан-дүниемізді елжіретіп, ерекше әсерде қалдық. Бүкіл дүниежүзі татар халқының ұлттық мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін көріп қайтты. Тіпті татар ұлтына жатпайтын қонақтар татар тілін үйренгісі кеп, қадам басқандар да болды. Бір жағынан таң қаларлық болса, бір жағынан қуантарлық жағдай. Алыстан келген қонақтар Татарстанға сөзсіз «бес» деген баға қойды.Қалған бос күндерімізде түгелге дерлік спорт алаңдарына барып, өзіміздің спортшыларға жанкүйер болып қайттық. Қала іші лық толды. Автокөліктер мүлдемге жүре алмады. Универсиада кезінде барлық аккредиттелген адамдар, соның ішінде бізде қоғамдық көліктерде және метроларда тегін жүре алдық. Сол себептен бұл бізге өте жайлы және қолайлы болды. Кез-келген жарыстарға, сайыстарға кайда болсада тегін бара алдық, ешкім бізге шектеу қойған емес. Жарыс 64 нысаннан тұрды, 30 арнайы ойынға құрылған. Делегацияның жетекшілері мен спортшылардың әдемі тұрғын үйлері, Халықаралық ақпараттық орталық және салтанатты рәсімнің ашылуы және жабылуы, дәл осы Қазан-Аренасы болып табылады. Қазақстандық спортшылар мақтауға тұрарлықтай болды. Алтын медальдар бойынша 19 орынға ие болса, барлық медальдар бойынша 9 орынға иеленді. Қорытындысында Қазақстандық спортшылар 30 медаль алып қайтты. Оның 3 алтын, 11 күміс, 16 қола.Қазан қаласында жүргенімізде Татар Конгресінің жетекшісі қала қонақтарына арнап «Бейбарыс сарай» кеніне қатысуын ұйымдастырды. Ал біз үшін ұйымдастырылған татар халқының патшайымы Сююмбикеге арналған театрлық қойылымы көрсетілді. Біз әр-түрлі сайыстарға қатыса отырып, татар халқының тарихына үңіліп қана қоймай, сонымен қоса өзіміздің көңіл-күйімізді де көтере жүрдік. Әртістер бізге өздерінің патшайым, батыр кейпіндегі костюмдерін киіп көруге рұқсат етті, сонымен қатар нағыз Сабантойға қатысып бәрімен фотаға түстік.Сонымен қоса есте қаларлықтай жайт Қазан қаласынан 2 сағаттық жерде орналасқан Мемлекеттік тарихи-мәдени «Булгары» атты қорықты аралағанымыз. Оныншы ғасырдан бері Булгар көне Ислами қала болып табылады. Өзінің кішкене, үлкен мұнараларымен және де церковь пен қоса бірнеше тарихи ескерткіштерімен қазіргі кезде шағын қала болып саналады. Булгар – ең әдемі қалалардың бірі. Біз әлемдегі ең үлкен басылып шыға қоймаған Құран кәрім кітабін көре алдық. Тадж-Махалдың әдемілігімен тең санауға болатын «Ақ мешіт» көркін сөзбен жеткізе алмаймыз. Ұлы Булгар еліненде жүріп татар халқының тарихымен де таныстық.Соңғы күніміз Қазан қаласындағы «НКЦ Казаньда» Дүниежүзілік татар Конгресінің өкілі Р.З. Закиров шақырған кешкі ас ерекше есте қалды. Қонақтар үшін Татар елінің халық әртістерімен «Казань» ұлттық би ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Шағын ортада біз әр түрлі елден келген татар халқының жас өкілдерімен танысып, әс-тәжәрибе алмастық, болашаққа жоспарлар құрып, бір-бірімізді қонаққа шақырдық. Қазақстан елшілеріне Дүниежүзілік татар жастар форумының төрағасы Табаризоммен кезігуі жемісті болды.Осында алған әсерлеріміз көп мерзімге дейін ойымыздан кетер емес. Әр елдегі татар ұлтымен жақын танысып, тіпті достарымызға да айналып кетті. Бізге мүмкіншілік бергендері үшін Дүниежүзілік татар Конгресіне көп алғысымызды білдіреміз. Татарстандық жастарға бұл үлкен құрмет болды. Енді біз Татарстанның қаншалықты әдемі, қаншалықты қызықты нәрселер көп екенін көріп, білдік. Қазан қаласы осындай іс-шараларды үлкен дәрежеде өткізетінін де байқадық. Татарстан қаласы тарихи өлке болып саналатынына және өзіміздің татар болғанымызды шынымен-ақ мақтан тұтамыз. Облыстық Достық үйі