2012 жылдың 15 қыркүйек күні Облыстық Достық үйі өкілдері Көкпекті ауданына барып қайтты. Іс-сапардың мақсаты: этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарымен бірлесе отырып Елбасымыздың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» әлеуметтік саясатының мәнін түсіндіру, ауыл тұрғындарына концерттік бағдарлама беру.
Преображенка тірек ауылында «Достық керуені» атты мерекелік шара ұйымдастырылды, оған сонымен қатар Достық үйінің украин, татар, «Мұсылман әйелдер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Джанирова Айгүл, Самар, Бастаушы, ауылының шығармашылық ұжымдары қатысып концерт берді.Мерекені аудан әкімі Мусин Дүйсенғазы Мағаұяұлы құттықтау сөзімен ашты, Облыстық Достық үйінің «Алтын арқау» ҚБ директоры Ақанов Сағынбек Ақанұлына сөз кезегін берді. Елбасының республиканы әлеуметтік жаңғырту жөніндегі тапсырмасы бойынша сөз қозғады. Облыстық Достық үйі әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жұмаділова Айбарша, басшылық атынан сыйлықты табыс етті. Мереке барысында жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті тауар өндірушілер қол жетімді бағаға өз тауарларын сатты. Ауылдың саябағында Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш ашылды. Ашылу салтанаты әскери қимылдар көрсетілімімен басталды. Одан кейін, Совет Одағы батыры Көкейкелді Ахмадиұлы атындағы орта мектепте шараның әскери патриоттық тақырыбы жалғасын тапты.
Орта мектептің акт залында Ахмади аудандық аймақтың ардагерлер ұйымының бірінші төрағасы Шнайдер Тайса Васильевнаның бастамасымен КСРО қаһарманы Көкейкелді Ахмадиұлының батырлығына арналған «Ерлік сабағы» өтті. Сабаққа аудан әкімі бастаған, әскери құрылым жетекшілері, мәжіліс хатшысы, ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, соғыс және еңбек ардагерлері, оқушылар, мұғалімдер, ауыл тұрғындары қатысты.
Көкпекті ауданында Совет Одағының 9 қаһарманы бар, олардың үшеуі Бастаушы аулынан. «Ерлік сабағында» қорытынды сөзді аудандық соғыс және еңбек ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Атымтай Жылқыбайұлы Әбеновтің қорытынды сөзімен аяқталды, сабақ барысында ол өз сөзінде екінші дүниежүзілік соғыстың бұрмалы деректерін жасырмай ашып айтты. Сабаққа қатысушылар, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша – партаға отыру ешқашанда кеш болмайтынын түсінді.
Облыстық Достық үйі

