Достық үйінде 16 сәуір күні жыл сайынғы «Қазақстанның жас журналистикасы -2015» атты жас тілшілердің VIII қалалық фестивалі өтті.
Биылғы жылғы фестиваль мерейлі екі датаға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдықтарына орайластырылып өткізілді. Екі кезеңнен тұрған фестиваль қала мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында өтті. Фестивальдің екінші кезеңіне қатысу үшін 10 команданың ішінен 6 команда іріктеліп алынды, олар: № 4,11,15,27,44 және 30 мектеп командалары. Екінші кезеңде командаларға 3 конкурстық тапсырма берілді. Құрамында С. Аманжолов атындығы ШҚМУ-нің орыс кафедрасының профессоры Люция Абдуллина, «Экспресс-К» республикалық газетінің меншікті тілшісі Андрей Кратенко және «7 дней» газетінің бас редакторы Вадим Обухов бар қазылар алқасы конкурстық тапсырмалардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды таңдады. Бірінші орынды №44 мектеп командасы, екінші орынды №11 мектеп командасы, үшінші орынды – Қазақстан-Ресей гимназиясының командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға дипломдар, сонымен бірге ҚР Президентінің және шығысқазақстандық белгілі жазушылардың кітаптары тапсырылып, «Мечта» дүкенінен тауарлар алуға сертификат сыйға берілді.




