Кеңестің кезекті отырысы өтті

02-05-2018

Кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 2 мамыры күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа этномәдени бірлестік жетекшілері қатысты. Отырыс барысында сөз алған Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков 28 сәуір күні Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында берілген тапсырмаларға тоқталып, мамыр айына арналған этномәдени бірлестіктердің жұмыс жоспарын талқылады.