«Келіндер көтерілісі»: Отбасы құндылықтары мен ауыл тіршілігінің көрінісі

26-11-2024

«Келіндер көтерілісі»: Отбасы құндылықтары мен ауыл тіршілігінің көрінісі

Достық үйінде Ассамблея жастар театрының жаңа премьерасы – «Келіндер көтерілісі» қойылымы өтті!

Бұл қойылым қаладан ауылға келген жаңа келіннің енесімен және абысындарымен қарым-қатынасы арқылы ауыл өмірінің шынайы келбетін көрсетті.

Көрермендер қызықты оқиғаларға, отбасылық қарым-қатынастардың қиындығы мен қуанышына куә болды. Қойылым ауыл өмірінің қайталанбас ерекшеліктерін, адамдар арасындағы шынайы байланыстарды жарқын әрі әсерлі түрде жеткізді.

Сахнада ұлттық нақыштағы сыңғырлы билер мен жүректі тебіренткен әсем әуендер орындалып, әлеуметтік мәселелер мен отбасы құндылықтарының тереңдігі көркем түрде ашылды.

Актерлердің асқан шеберлігі, режиссердің креативті шешімдері, сахналық декорациялардың сән-салтанаты және жастардың энергиясы көрермендерді баурап алды.