«Келіссөздер үрдістеріндегі медиация технологиялары» - семинар – тренинг

16-11-2015

«Келіссөздер үрдістеріндегі медиация технологиялары» - семинар – тренинг

Ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» мемлекеттік мекемелер жұмыстарында медиация әдістерін қолдануға арналған оқу курсы өтті. Дөңгелек үстел аясындағы «Келіссөздер үрдісіндегі медиация технологиалары» - атты семинар-тренингті кіріспе сөзімен, «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» директоры Э.Т.Төлеубеков ашты, ал оқыту курсын ШҚО «Шаңырақ» медиа орталығының директоры Э.А. Абдрахманова өткізді. Бұл іс-шарада медиация туралы жалпы түсінік және оның міндет, мақсаты тұрғысында сөз қозғалды. Сондай-ақ медиация технологиаларын пайдалана отырып қолданылатын келіссөздер үрдісіндегі тиімді әдістер, азаматтарды қабылдау кезінде даулы жағдайлармен қайшылықтарды шешу жолдары тақырыптан тыс қалмады. Тақырыпқа сай видеобейнелер көрсетілді. Семинар-тренингке аудандық Достық үйлерінің директорлары мен қоғамдық келісім орталығының жетекшілері қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.