«Кемпірқосақ түсіндегі» бояу фестивалі

30-08-2018

«Кемпірқосақ түсіндегі» бояу фестивалі

Ағымдағы жылдың   30 тамызы күні  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының ұйымдастыруымен бірнеше мерекелік іс –шара өтті. Атап айтар болсақ «Кемпірқосақ түсіндегі» бояу фестивалі, қолөнер шеберлерінің жұмыстары, және  қолөнер бұйымын жасауға қызығушылық танытқан жандарға арналған шеберлік сыныбы, ретро автокөліктер көрмесі, Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Шараға қаламыздың тұрғындары мен қонақтары, «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері қаламыздың белсенді жастары. Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Т. Төлеубеков мерекелік шараға жиналған қонақтар мен қатысушыларды ҚР Конституциясы күнімен құттықтап Ата Заңның мәнімен маңызына тоқталды. Сонымен қатар Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті көрермендердің ыстық ықыласымен зор қошеметіне бөленді. Мерекелік шара барысында ҚР Конституциясы күніне арналған жастардың флешмобы жоғары деңгейде өтті. Фестивальдің негізгі бөлімінде көрсетілген бояу шашу ойыны барлық қонақтар мен қоршаған маңайды бір сәтте кемпірқосақ түсіне бояп, көрермендерді  қуанышқа бөледі. ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында өткізілген мереке  қатысушыларға ерекше әсер етіп, жиналғандардың көңілін көтерді.