15-12-2018
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті. Шара барысында мерекелік концерттен бөлек, өңіріміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін бір қатар азаматттар Елбасының атынан «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен» және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет громатасымен марапатталды. Сонымен қатар салтанаты шара барысында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы да этномәдени бірлестік мүшелерімен шығармашылық ұжымдардың өкілдеріне алғыс хаттар табыстады. Шараға қатысушыларды ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы құттықтап ізгі тілегін білдірді