Шілде айының 17-сі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «ШҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбында Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі бағыттағы: бес институционалдық реформаны іске асыру, Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы облыстық қоғамының рөлі, ШҚО-да өндіруші салалардың ашықтық бастамасын іске асыру және қоғамдық тыңдаулар институтын дамыту шаралары туралы және басқа да мәселелер талқыланды. Отырысты ШҚО Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин ашты. «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Ольга Булавкина, «ШҚО Азаматтық альянс» ЗТБ атқарушы директоры Мунира Абулова, тұрақты даму сұрақтары бойынша сарапшы-жұмыс тобының төрағасы Надежда Сафонова, «Трамвай паркі» ААҚ бас директоры Анатолий Успенский баяндама жасады. Дөңгелек үстел отырысына Достық үйінің бөлім меңгерушілері мен этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сонымен бірге, олар Ұлт жоспарын іске асырудағы қоғамдық кеңестің бағдарымен жан-жақты танысты. Қатысушылар қала ұйымдарының жетекшілеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды тікелей қойып, сонымен бірге кейбір мәселелерді қарастыру барысында оларға түзетулер енгізді.